Accessibility links

Ректордың басылым мен белсендіге шағымы қайта қаралатын болды


Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров. Сурет ректор рұқсатымен Facebook парақшасынан алынды.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров. Сурет ректор рұқсатымен Facebook парақшасынан алынды.

Көкшетау қалалық сотының судьясы Могульсум Сатубалдинованың хатшысы Әйгерім Жексенбаева Азаттыққа Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаровтың жергілікті «Курс» газеті мен белсенді Марат Жанұзақовтың үстінен жазған шағымы тағы қаралатынын айтты.

Бұдан артық ақпаратты телефоннан бере алмайтынын айтқан хатшының сөзінше, сот отырысы ертең тағы да өтеді.

Бүгін сотқа барған Марат Жанұзақовтың сөзінше, судья "Курс" газетінің ресми өкілі, заңгер Ирина Эисмонтқа сауал қойып, жауап алу қажеттілігін айтып, сотты ертеңге қалдырған.

4 тамыз күні Көкшетау қалалық сотының судьясы Могульсум Сатубалдинова шағым бойынша сот үкімін дүйсенбі - 8 тамыз күні шығарады деп белгілеген еді.

Ректор Әбжаппаров шағымында «Курс» газетінде жарияланған «Мемлекеттік университеттің бір хаттағы бейнесі» («Госуниверситет в зеркале одного письма») атты мақала «ар-ұжданыма нұқсан келтірді» деп санайды. Ол мақаланы терістеуді және басылым мен мақала авторы Марат Жанұзақовтың әрқайсысынан 1 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG