Accessibility links

Назарбаева қарасораны іске жаратуға тағы шақырды


Дариға Назарбаева, Қазақстан вице-премьері.

Дариға Назарбаева, Қазақстан вице-премьері.

Вице -премьер Дариға Назарбаева Астанада өткен үкімет отырысында Қазақстанда қарасораны өнеркәсіпте өңдеу ісін дамытуды тағы ұсынды. Назарбаева қарасорадан целлюлоза мен дәрі-дәрмек жасау қажетін айтқан.

"Қазақстан өзі қағаз шығармайды. Бізде барлығы импортталады, бұл - өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Қазақстандық қағаз өндіруді қолға алу әсіресе басылымдар үшін өте өзекті" делінген премьер-министр сайты келтірген Назарбаеваның сөзінде.

Дариға Назарбаева қарасораны өңдеуді бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Ол 2014 жылы қаңтарда мәжіліс депутаты болып тұрғанында Шу алқабындағы жабайы қарасора плантацияларын дәрі-дәрмек жасау үшін ірі фармацевтикалық компанияларға беру туралы ұсыныс айтқан. Ол кезде Назарбаева қарасораны өңдейтін зауыттар дәрі-дәрмек шығарып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық төлейтінін айтқан. Бұдан кейінгі екі жарым жылға жуық уақыттан бері жабайы қарасора алқаптарының қандай да бір компанияларға берілгені немесе зауыт салынғаны туралы ақпарат жоқ.

Қазақстанның Жамбыл облысындағы Шу алқабы есірткінің шикізаты - қарасора өсетін аймақ ретінде белгілі. Ресми дерек бойынша, мұнда 130 мың гектар жерде жабайы қарасора өседі.

XS
SM
MD
LG