Accessibility links

Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 30 адам көз жұмды


Жарылыс болған аурухана алды. Кветта, Пәкістан, 8 тамыз 2016 жыл.

Жарылыс болған аурухана алды. Кветта, Пәкістан, 8 тамыз 2016 жыл.

Пәкістанның оңтүстік батысындағы Кветта қаласында бүгін аурухана қақпасы алдында болған жарылыстан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Денесіне жарылғыш зат байлаған жанкешті аурухана кіреберісінде өзін-өзі жарып жіберген.

Полиция дерегінше, адам шығынымен қоса ондаған кісі жараланған. Жарылыс атыста қаза тапқан белгілі адвокат Вилал Касидің денесін ауруханаға жеткізген соң ұзамай болған. Вилал Касиді 8 тамыз күні ол сотқа бара жатқанда белгісіз адам атып өлтірген.

Ауруханаға жасалған шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ. Сонымен бірге, Вилал Касиді кім өлтіргені де әзірге белгісіз.

Балуджистан провинциясының билігі шабуылға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG