Accessibility links

БАҚ: ҚАЖД Жәкішевті "үлгілі тұтқын" деп атады


Мұхтар Жәкішев.

Мұхтар Жәкішев.

"Қазатомөндіріс" компаниясының бұрынғы басшысы, түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш берген жоқ деп хабарлады Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) бастығының орынбасары Қуат Қилыбаевқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

ҚАЖД-ның ақпаратына қарағанда, түрмеде отырған алты жылда Жәкішев тәртібі үшін бес рет ынталандыруға ие болып, бір рет жазаланған.

2010 жылы коррупция айыбымен 14 жылға сотталған Жәкішев өткен жылы сәуірде Қарағанды облысындағы түрмеден Алматы облысындағы Заречный ауылындағы түрмеге ауыстырылған.

"Түрмеге келген соң Мұхтар Жәкішев жұмысқа орналастырылды. Шығынды өз еркімен төлеп жатыр. Еңбекке деген қарым-қатынасы дұрыс. Мекеме территориясын көріктендіру, отрядтың мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жұмыстарын адал ниетпен атқарады. Тәрбиелік, мәдени-көпшілік шараларға және отрядтың қоғамдық өміріне белсенді араласады" деген ҚАЖД агенттікке берген жауабында.

2013 жылы қазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары Мұхтар Жәкішевті саяси тұтқындар тізіміне қосқан.

XS
SM
MD
LG