Accessibility links

Сот Хадиджа Исмайылдың шартты жаза мерзімін азайтты


Азаттық журналисі Хадижжа Исмайыл адвокаты Фариз Намазлымен бірге. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.

Азаттық журналисі Хадижжа Исмайыл адвокаты Фариз Намазлымен бірге. Баку, 8 тамыз 2016 жыл.

Баку соты Азаттық журналисі Хадиджа Исмайылдың шартты жаза мерзімін азайтты.

8 тамызда Бакудің ауыр қылмыстар жөніндегі соты Исмайылдың үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын 2 жыл 3 айға дейін азайтуға шешім шығарды. Сот шартты жаза мерзімін азайтудың себебін атамады.

Хадиджа Исмайыл 2014 жылы 5 желтоқсанда "адамды өзін-өзі өлтіруге мәжбүр етті" деген айыппен тұтқындалған. Кейін бұл айыпты алып тастап, "бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп, қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" және "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарды" деген айыптар таққан. Журналист 2015 жылы қыркүйекте осы айыптар бойынша жеті жарым жылға сотталған еді.

Биыл мамырда Әзербайжан жоғарғы соты Хадиджа Исмайылдан "бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп, қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды" деген айыпты жойып, "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарды" деген айыпты күшінде қалдырған. Сот бұл айып бойынша оған үш жарым жыл шартты жаза тағайындап, түрмеден босатқан.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны соттауды биліктегі жемқорлықты тексерген мақалаларымен байланыстырып, тілшіні босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG