Accessibility links

Косовода бұрынғы партизан сотталды


Косово астанасы Приштинадағы сот (Көрнекі сурет).

Косово астанасы Приштинадағы сот (Көрнекі сурет).

Косовоның әскери қылмыстар жөніндегі арнайы соты тегі албан бұрынғы партизанДжамшит Красничиді сегіз жылға соттады. Соттың ресми мәлімдемесінде Красничидің 1999 жылы соғыс аяқталғанда Албания мен Косовоның бейбіт тұрғындарына қарсы әскери қылмыс жасады деп айыпталғаны айтылады.

Еуропа кеңесінің 2010 жылы жарияланған есебінде сербтермен жұмыс істесті деген күдікке ілінген жүздеген сыған, серб және этникалық албанның қырылуына тарап кеткен Косовоны азат ету армиясы жетекшілерінің қатысы бар делінген.

Құжатта қылмыс 1999 жылдың жазында - НАТО әуе күштері 78 күн бойы Косовоны бомбалап, нәтижесінде сербтер Косово территориясын тастап шығуға мәжбүр болған соң жасалғаны айтылады.

Әскери қылмыстар жөніндегі арнайы сот құрамына сербтер мен косоволықтар тарапынан бұра тартты деген айыптаулар болмауы үшін шетелдік алқа соты да кірген.

XS
SM
MD
LG