Accessibility links

Лилли Кинг олимпиада алтыны үшін жарыста Юлия Ефимовадан басым түсті


Олимпиада чемпионы, америкалық Лилли Кинг (сол жақта) пен күміс жүлдегер, ресейлік Юлия Ефимова. Рио-де-Жанейро, 8 тамыз 2016 жыл.
Олимпиада чемпионы, америкалық Лилли Кинг (сол жақта) пен күміс жүлдегер, ресейлік Юлия Ефимова. Рио-де-Жанейро, 8 тамыз 2016 жыл.

Америкалық 19 жастағы Лилли Кинг 100 метрге брасс әдісімен жүзуде олимпиада алтынын жеңіп алды. Ол олимпиада рекордын жаңартып, ресейлік 24 жастағы әлем чемпионы Юлия Ефимовадан озып кетті. Күміс жүлдені Ефимова иеленді.

Кеше алдын ала жүзуде жеңіске жеткен Лилли Кинг сұқ саусағымен жаратпаған сыңайда белгі берген. Жанкүйерлер оны бұған дейінгі жарыста ұтқан Ефимованың сұқ саусағын шығарып, өзінің "бірінші тұрғанын" көрсеткеніне жауап деп ұққан. Кейін Лилли Кинг саусағымен биыл жыл басында мельдония қолданды деп Рио олимпиадасынан шеттетілген Ефимованы меңзегенін растады.

Ресейлік атлетті Олимпиадаға Спорттық арбитраж соты жіберген. Ал Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік оның мельдоний қолданған-қолданбағанын тексеріп жатыр.Ефимова 2013 жылы стероидтық препарат қолданғаны үшін бір жарым жылға жарыстан шеттетілген.

"Егер жарысқа қатысуы үшін оның осылай істеуі қажет болса, онда өз шаруасы" деді Ефимованың мельдония қолданғанына меңзеп. "Мен мұнда өз елімнің атынан шынайы жарысу үшін келдім. Мен ойымды іске асырдым" деді Кинг.

XS
SM
MD
LG