Accessibility links

Мәскеу: Apple Ресейдегі баға саясатына ықпал еткен


Apple компаниясының белгісі (Көрнекі сурет).

Apple компаниясының белгісі (Көрнекі сурет).

Ресейдің монополияға қарсы агенттігі америкалық Apple корпорациясы мен оның бірқатар еншілес компанияларын Ресей территориясында iPhone-ды алып сатушылармен бағаны үйлестіріп отырды деп айыптады.

Федералдық монополияға қарсы қызмет Ресейде iPhone 6s және iPhone 6s Plus смартфондары ресми түрде сатыла бастағанда алыпсатарлардың көпшілігі тауарға бірдей баға белгілеп, оны белгілі бір уақыт ұстап тұрған деп мәлімдеді. Федералдық қызмет сонымен қатар алыпсатарлардың Apple смартфондарының басқа модельдеріне қойған бағалары да бірдей болған дейді.

Агенттік баға саясатын Apple компаниялар тобы үйлестіріп отыруы мүмкін деген 16 алыпсатардың тізімін келтірді. Олардың арасында ресейлік Vimpelcom мен Apple ресми интернет дүкені де бар. Агенттік Apple-дің Ресей нарығына "ұсыныс" ретінде айтатын бағаның орындауға міндетті деп қабылданатыны анық дейді. Ресейде осыған байланысты "Эппл Рус", Apple Holding B.V., Apple Sales Ireland, Apple Operations International, Apple Inc. компанияларының өкілдеріне қарсы іс қозғалған.

2015 жылы қыркүйекте Ресейдің монополияға қарсы агенттігі америкалық Google компаниясы смартфондардың Android операциялық жүйесіне белгілі бір қосымшаларды алдын ала жүктеп, заң бұзады деп мәлімдеген. Тараптар бітімге келу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG