Accessibility links

Рахмон: Тәжікстандағы мұздықтардың үштен бірі еріп кетті


Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті. Душанбе, 9 тамыз 2016 жыл.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті. Душанбе, 9 тамыз 2016 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон су мәселелеріне арналған конференцияда сөйлеп, Тәжікстан бірнеше жыл бойы климаттың өзгеруінің, оның ішінде мұздықтардың еруінің зардабын тартып келе жатқанын айтты.

"Тәжікстанда соңғы он жылда мұздықтардың 30 пайызға жуығы еріді және бұл тенденция тоқтаусыз жалғасып отыр" деді Рахмон Душанбеде өтіп жатқан халықаралық "Су мен санитарияға барлығының бірдей қол жеткізуі" деп аталатын конференцияда.

Он шақты мемлекет пен халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысып жатқан конференцияда Рахмон су ресурстарын басқаруда әйелдердің рөлін күшейтуге шақырды.

"Біз әйелдерді даму процесіне барынша белсенді қатыстырып, олардың су ресурстарын қорғап, басқарудағы рөлін нығайтуымыз керек" деген Рахмон.

XS
SM
MD
LG