Accessibility links

Пәкістанда адвокаттар жаппай митингіге шықты


Адвокаттар әріптестерінің қазасына байланысты БАҚ-қа сұхбат беріп тұр. Исламабад, Пәкістан, 9 тамыз 2016 жыл.

Адвокаттар әріптестерінің қазасына байланысты БАҚ-қа сұхбат беріп тұр. Исламабад, Пәкістан, 9 тамыз 2016 жыл.

Пәкістандық адвокаттар Кветта қаласында аурухана алдында болған жарылыстан ондаған адвокаттың қаза табуына байланысты елде жаппай митингіге шықты. 8 тамызда таңертең елдің оңтүстік-батысындағы Кветтада аурухананың кіреберісінде жанкешті жарылыс жасап, 70 адам қаза тапқан. Дәрігерлердің айтуынша, құрбандардың 60-ы - адвокаттары. Олар жарылыс болатын кезде қастандықтан қаза тапқан адвокат, Белуджистан адвокаттар ассоциациясының президенті Билал Касиге жиналған.

Шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған. Бірақ ресми орындар мен сарапшылар Таяу Шығыста орналасқан ИМ-нің шабуылды ұйымдастырғанына күмәнданады.

Пәкістанда бұрын-соңды адвокаттарға мұндай ауқымды және қатігез шабуыл жасалмаған.

XS
SM
MD
LG