Accessibility links

Косовода парламент жиынын көзден жас ағызатын газ шашып тоқтатты


Парламент жиынында оппозиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Косово, наурыз 2016 жыл.

Парламент жиынында оппозиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Косово, наурыз 2016 жыл.

Косовода оппозиция парламент отырысында Черногориямен шекараны демаркациялау туралы келісімнің қабылдануына кедергі келтіру үшін залға көзден жас ағызатын газ шашып жіберді деп хабарлайды Reuters.

Бұл уақытта бірнеше адам парламент ғимаратына тас лақтырған. Премьер-министр Иса Мустафаның айтуынша, белгісіз адамдар шекара мәселелері жөніндегі комиссия басшысының үйіне жарылғыш құрылғы қойып кеткен.

Оппозиция бұдан бұрын да парламенттің Черногориямен шекараны белгілеуге қатысты отырысын бұзған. Шекара туралы келісім Косово тұрғындарының Еуропа Одағына визасыз кіруіне мүмкіндік береді. Келісімге қарсылар Косово шекарасы демаркацияланса сегіз мың гектардан астам жерінен айырылады деп санайды.

Сербияның бұрынғы автономиялық өлкесі болған Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Косовоның тәуелсіздігін Шенген келісмі аймағына кіретін үш ел - Испания, Грекия мен Словакия мойындамайды. Қазір бұл үш елге косоволықтар жалпыға бірдей шенген визасымен емес, бөлек виза жасатып бара алады.

XS
SM
MD
LG