Accessibility links

Нью-Йоркте белгілі мүсінші Эрнст Неизвестный көз жұмды


Эрнст Неизвестныйдың сталиндық қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" ескерткіші. Магадан, Ресей.

Эрнст Неизвестныйдың сталиндық қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" ескерткіші. Магадан, Ресей.

Нью-Йоркте белгілі ресейлік және америкалық мүсінші, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Эрнст Неизвестный қайтыс болды. 91 жастағы мүсіншінің көз жұмғанын оның достары әлеуметтік желілерде хабарлады.

Неизвестный 1925 жылы туған. Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жараланған оны қателесіп өлдіге санап, ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапаттған.

1955 жылы ол СССР суретшілер одағы Мәскеу бөлімінің мүсін секциясының мүшесі атанып, 1976 жылға дейін СССР-де шығармашылықпен айналысады. Шығармашылық жұмысы үшін сол кездегі СССР басшысы Никита Хрущевтің сынына ұшырайды.

Дегенмен, Хрущев отставкаға кетіп, қайтыс болған соң Неизвестный Хрущевтің туыстарының өтінішімен Новодевичье зиратына компартия бірінші хатшысына арнап ескерткіш жасайды.

1976 жылы Неизвестный Швейцарияға эмиграция жасап, 1977 жылы Нью-Йоркке кетеді. Совет одағы құлаған соң Ресейге оралып, бірқатар тапсырыстарды орындайды.

1996 жылы Неизвестный Совет одағындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Қасірет бетпердесі" деп аталатын биіктігі 15 метрлік ескерткішін жасап бітеді. Ескерткіш Магаданға орнатылған.

XS
SM
MD
LG