Accessibility links

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды


ҰБТ-ы тапсырып шыққан түлектер, Алматы (Көрнекі сурет).

ҰБТ-ы тапсырып шыққан түлектер, Алматы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды. Ресми баспасөздің хабарлауынша, биыл республикалық комиссия талапкерлерге 31 мың 702 грант тағайындаған. Тізім ресми баспасөзде жарияланды.

Биылғы конкурсқа 59 мың 677 талапкер қатысқан, оның 47 мың 342-сі қазақ тілінде, 12 мың 335-сі орыс тілінде. Гранттың 28 мың 752-сі 1-курсқа түсетіндерге, 2 мың 950-і жоғарғы оқу орындарының дайындық курстарына бөлінген. Бұл гранттар бойынша мектеп түлектері 87 жоғарғы оқу орындарында тегін оқи алады.

Биыл да грант бөлу кезінде техникалық және технологиялық мамандықтарға басымдық берілді. Гранттың 12 мың 593-і осы салалардағы мамандықтарға бөлінген. Педагогикалық мамандықтарға – 5 мыңға жуық, ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға 2 мың 690 білім гранты бөлінген. 3 мың грант медициналық және басқа да мамандықтарға берілген.
Мемлекеттік білім гранттарының конкурсына қатысқандардың арасында 2 мың 208 «Алтын белгімен» иегері, 303 колледж түлегі, 169 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, 948 республикалық және халықаралық спорт олимпиадаларында жеңген оқушы, 9 президент олимпиадасының жеңімпазы бар. Бұларға білім гранттарын бөлуде басымдық берілген.

Конкурсқа қатысқан 492 жетім бала, 363 бірінші және екінші топтағы мүгедек оқушы, 1053 Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ талапкерлеріне жеңілдіктер жасалған.

Білім және ғылым министрлігі былтыр 32 мың 168 грант бөлген.

XS
SM
MD
LG