Accessibility links

Путин мен Саргсян Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылайды


Владимир Путин мен Серж Саргсян. Мәскеу, 10 наурыз 2016 жыл.
Владимир Путин мен Серж Саргсян. Мәскеу, 10 наурыз 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Армения президенті Серж Саргсян бүгін Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылайды. Екі күн бұрын Путин Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Иран президенті Хассан Роуханимен бірге ЕҚЫҰ қолдаған бейбіт жоспарды іске асыруды талқылаған.

Саргсянмен кездесуінен бір күн бұрын Путин Санкт-Петербургте Әзербайжанның одақтасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездескен. Кездесуде президенттер екі жақты қарым-қатынасты жақсартуға уағдаласқан.

Армения қолдайтын сепаратистер Әзербайжанның армяндар басым тұраты Таулы Қарабақ аймағын 1990 жылдардың басындағы соғыста басып алған. Соғыс барысында 30 мыңға тарта адам мерт болған. Ресей, АҚШ және Франция ұсынған, ЕҚЫҰ қолдаған бейбіт келісімде Арменияның Таулы Қарабаққа іргелес басып алған территориядан бас тартып, оның есесіне Әзербайжанның Қарабақтың мәртебесін өзі анықтауына араласпауы қарастырылған.

8 тамызда Владимир Путинмен кездесуінде Ильхам Әлиев аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайға көңілі толмайтынын мәлімдеп, "басып алынған Әзербайжан территориясы босатылуы тиіс екенін" айтқан. Бірақ 1990 жылдардың басынан бері басып алынған территорияларды қайтару ұсынысы Арменияда саяси қарсылық күшті.

XS
SM
MD
LG