Accessibility links

Түркияда бомба жарылысынан үш сарбаз қаза тапты


Ширнак провинциясында жүрген түркиялық әскерилер. Түркия, қыркүйек 2015 жыл.
Ширнак провинциясында жүрген түркиялық әскерилер. Түркия, қыркүйек 2015 жыл.

Түркия қауіпсіздік қызметінің өкілдері елдің оңтүстік-шығысында жарылыс болып, үш түрік сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Жарылыс 10 тамызда елдің Иракпен шекарасына жақын Ширнак провинциясының Улудере ауданында болған. Жарылыстан 10 сарбаз жараланған.

Қауіпсіздік қызметі бронды әскери техника жол жүріп келе жатқанда жол жиегіне жасырылған қолдан жасалған бомба жарылғанын айтады.

Түркияның қауіпсіздік қызметі өкілдері шабуылды тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының жасақтары жасаған болуы мүмкін дейді.

Түркия, АҚШ және Еуропа Одағы Күрдістан жұмысшы партиясын террористік ұйым деп санайды.

2015 жылы Күрдістан жұмысшы партиясымен екі жарым жыл бұрын жасалған бейбіт келісім үзілген соң Түркияның оңтүстік-шығысында шабуыл көбейді.

XS
SM
MD
LG