Accessibility links

ЭКСПО «зейнетақы қоры қаржысын пайдаланатынын» терістеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Азаттыққа жіберген хабарламасында «2016 жылдың 9 тамыз күні сағат 10.25-те «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі «15 миллиард теңге көлеміндегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаржысын ЭКСПО құрылыс нысандарына бағыттайды» деген хабар таратты. Таратылған мәлімет шындықпен жанаспайды» дейді.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы ЭКСПО құрылыстары «зейнетақы қорының қаражаттарына мұқтаж деген хабарламалар да жалған» деп жазады.

Ұлттық компания жалған ақпарат тарату «мәселесінің заңды салдары қарастырылып жатқанын» хабарлап, басқа ақпарат құралдарынан ресейлік «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі таратқан жалған хабарды алып тастауды сұраған.

XS
SM
MD
LG