Accessibility links

Түркиялық әскери қызметкер АҚШ-тан саяси баспана сұрады


Түркиялық әскерилер бүлікке қатысы бар деген күдікті әріптестерін ұстап жатыр. Түркия, шілде, 2016 жыл.
Түркиялық әскерилер бүлікке қатысы бар деген күдікті әріптестерін ұстап жатыр. Түркия, шілде, 2016 жыл.

Түркиялық әскери қызметкер Анкара өзін әскери төңкеріс жасау әрекетімен байланысты елге шақыртқан соң АҚШ-тан саяси баспана сұрады деп хабарлайды Reuters. Түркияда кадрлық тазалау басталғаннан бері түркиялық әскери қызметкер АҚШ-тан бірінші рет саяси баспана сұрап отыр.

Агенттіктің мәліметінше, түрік офицері АҚШ-тың Вирджиния штатындағы НАТО бөлімшелерінің бірінде қызмет етеді. Әскери қызметкердің аты-жөні мен шені айтылмайды.

Аты-жөнін атамаған дереккөзі Reuters-ке қарулы бүліктен соң Түркия үкіметі Түркия әскери-теңіз күштерінің контрадмиралын қамауға ордер бергенін, бұдан соң адмиралдың жоғалып кеткенін айтқан. Кейбір мәлімет бойынша, Түркия билігі АҚШ-тан тағы екі офицерді кері шақыртқан. Олардың бірі ендігі Түркияға барып қойған.

Түркияда 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң 18 мыңнан астам адам ұсталды. Олардың 10 мыңға жуығы қамауда. Түркия үкіметі бүлікті АҚШ-та тұратын оппозицияшыл діни қайраткер Фетхулла Гүленнен көреді. Гүлен бұл айыпты жоққа шығарады. Анкара Вашингтонға Гүленді қайтаруды сұрап, өтініш жолдаған.

XS
SM
MD
LG