Accessibility links

Боксшы Левит олимпиаданың 1/2 финалына шықты


Василий Левит бапкерлерімен бірге Рио рингінде отыр.
Василий Левит бапкерлерімен бірге Рио рингінде отыр.

10 тамызда Рио олимпиадасының ширек финалында қазақстандық боксшы Василий Левит (91 кг) маврикиялық Кеннеди Сен-Пьеррді жеңді. Үш төреші де жеңісті Левитке берді. Ол енді жартылай финалда кубалық Эрисланди Сабонмен кездеседі.

Бокс ережесі бойынша жартылай финалға шыққан боксшы кем дегенде қола медаль алады.

49 килограмда бокстасқан Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов ширек финалда Хасанбой Дусматовтан (Өзбекстан) жеңіліп, жүлдесіз қалды.

"Дәл қазіргі уақытта өзбек боксшысы Жақыповтан мықты. Жақыпов біз қойған тапсырмаларды толық орындаған жоқ" деді Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

32 жастағы Жақыпов осыған дейін Пекин және Лондон олимпиадасына да қатысып, екеуінде де ширек финалдан өте алмаған.

Алдағы күндері рингке Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко шығады.

Осыған дейін 60 килограмда бокстасқан Берік Әбдірахманов бірінші айналымда Карлос Вальдерастан (АҚШ) жеңіліп, жарысты аяқтаған.

XS
SM
MD
LG