Accessibility links

Ауыр атлет Рахимов - олимпиада чемпионы


Нижат Рахимов Рио олимпиадасында штанга көтеріп жатыр.
Нижат Рахимов Рио олимпиадасында штанга көтеріп жатыр.

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 килограмм салмақта 379 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 214 килограмды (әлем рекорды) еңсерді.

Күмісті Лондон олимпиадасының чемпионы қытайлық Люй Сяоцзянь иеленді. Ол да 379 килограмды көтерген. Бірақ жеке салмағы бойынша Рахимовқа жол берді. Қоланы египеттік Мохаммед Махмуд алды – 361 кг.

Нижат Рахимов 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 77 килограмм салмақта алтын алған. Ол Қазақстанға 2013 жылы Әзербайжаннан келген.

Қазір Қазақстан олимпиа құрамасының алты медалі бар. Осыған дейін Риода дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс алған. Ал дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг пен ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева қола медаль иеленген. Рахимовтың алтыны Қазақстанды 10 тамыз күнгі қорытынды командалық есепте 12-орынға бір-ақ көтерді.

XS
SM
MD
LG