Accessibility links

Канада полициясы: Теракт жасамақ болған адамның көзі жойылды


Канадалық полиция (Көрнекі сурет).
Канадалық полиция (Көрнекі сурет).

Канада полициясы қоғамдық орында жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ер адамды атып өлтірді. Күдіктінің көзін жою операциясы 10 тамыз күні кешке Торонтодан 225 километр қашықтықтағы Стрэтрой қаласының түбінде болған. Қалаға ондаған полиция көлігі мен қарулы полиция жасағы тартылған.

Канаданың корольдік атты полициясы бұған дейін террорлық қауіп туралы сенімді ақпар түскен соң жоспарланған шабуылдың алдын алғанын хабарлаған.

Аты-жөнін атамаған полиция шенеуніктерінің бірі Associated Press агенттігіне көзі жойылған күдікті "қоғамдық орында бомба жаруды жоспарлағанын" айтты.

Барлау қызметінің атын атамаған өкілі Reuters-ке күдіктінің аты-жөні Аарон Драйвер екенін және оның өткен жылы әлеуметтік желіде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын ашық қолдағаны үшін ұсталғанын айтты.

Драйверге қылмыстық айып тағылмаған, бірақ ақпанда сот оның жүріп-тұруын шектеген. Сот оны әлеуметтік желілер мен компьютерді пайдалануды шектеп, ИМ немесе сол сияқты топтармен байланыспауын талап еткен.

XS
SM
MD
LG