Accessibility links

Шымкенттегі мұнай кәсіпорнындағы өртке қатысты іс қозғалды


Шымкент іргесіндегі "БК-Мұнай" ЖШС-де болған өрт. Оңтүстік Қазақстан болысы, 4 тамыз 2016 жыл.

Шымкент іргесіндегі "БК-Мұнай" ЖШС-де болған өрт. Оңтүстік Қазақстан болысы, 4 тамыз 2016 жыл.

Шымкент түбіндегі «БК-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Спабек Жарқынбеков мәлім етті.

Спабек Жарқынбековтың айтуынша, «БК-Мұнай» жауапкершілігінде шыққан өртке байланысты қылмыстық кодекстің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») және 204-бабы («Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қылмыстық іс өрт бойынша қозғалып отыр. Бүгінде өрт техникалық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы бойынша кімнің үстінен қылмыстық іс қозғалатыны белгілі болады» дейді ол.

- Өрттен келген шығынның көлемі анықталып жатыр, - деді Спабек Жарқынбеков.

Өрт 4 тамыз күні Шымкенттің іргесіндегі Қарабұлақ елді мекенінің жанында, Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралды жолы бойында орналасқан "ҚазСтройсервис" кәсіпорны аумағында шыққан. "ҚазСтройсервис" аумағында екі жүк көлігі тиелген екі вагон мен жартылай мұнай өнімі құйылған цистерналы вагон соқтығысып, өрт тұтанған. Өрт кейін "Мұнай-БК" компаниясының аумағына жайылған болатын. 12 цистенер, үш вагон және екі көлік өртенген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG