Accessibility links

Алматы облысында Ресейдің 11 турисі құтқарылды


Алматы облысындағы ресейлік туристерді эвакуациялау. 10 тамыз 2016 жыл.

Алматы облысындағы ресейлік туристерді эвакуациялау. 10 тамыз 2016 жыл.

Алматы облысында Шелек өзенінің жоғарғы жағында Ресейдің 11 азаматы, оның ішінде тоғыз жасөспірім құтқарылды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Құтқарушылар ресейліктерді тікұшақпен эвакуациялап, 10 тамызда Бұрындай әуежайына жеткізген.

"Шелек өзенінің жоғарғы жағында сыртпен байланысы ажырап қалған бір топ турист - Ресейдің он бір азаматын (тоғыз бала мен екі ересек) эвакуациялау туралы хабарлама түсті. Шақырту 9 тамызда түскен. Бірақ тікұшақ кешкі уақытта ұша алмайтындықтан эвакуацияға ертесі күні таңертең ұшып кетті" делінген комитет сайтында жарияланған ақпаратта.

XS
SM
MD
LG