Accessibility links

Алматыда "түрмеде зорланған әйелдің" ісі бойынша сот басталды


Алматыдағы әйелдер түрмесі (Көрнекі сурет).

Алматыдағы әйелдер түрмесі (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін түрмеде зорланды делінген тұтқын Наталья Слекишинаның ісі бойынша сот басталды. Бұл іс бойынша түрме қызметкері, 37 жастағы Руслан Хакимов сотталып жатыр. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, сот Түрксіб аудандық сотында жабық түрде өтіп жатыр.

Руслан Хакимовке "кісі зорлады", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Сотқа келген оның жақтастары мен бұрынғы әріптестері айыптарды "ойдан шығарылған" дейді. Олардың сөзінше, Хакимов үйленбеген және баласы жоқ.

Өткен айдың басында тұтқын Наталья Слекишинаның 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғандаөзін бір топ адам зорлады деп мәлімдегені хабарланған. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрменің зорлауға қатысты төрт күдікті қызметкерлерінің бірі екені анықталған.

XS
SM
MD
LG