Accessibility links

Ақтөбеден «Сириядағы соғысқа бармақ болған» 12 адамның үкімі күшінде қалды


Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылмақ болған деп айыпталған 12 адам сотта отыр. Ақтөбе, 12 шілде 2016 жыл.
Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылмақ болған деп айыпталған 12 адам сотта отыр. Ақтөбе, 12 шілде 2016 жыл.

Ақтөбе қалалық сотының апелляциялық алқасы «террористік топ құрамында Сириядағы соғысқа қатыспақ болғаны» үшін өткен айда 6-8 жылға бас бостандығынан айырылған 12 адамға шығарылған үкімді күшінде қалдырды.

Ақтөбе қаласының 2-соты 12 шілдеде 39 жастағы Жанболат Сәрсенбаевты қылмыстық кодекстің «қылмысқа дайындалу және оқталу», «террористік топ құру, оған басшылық жасау» және «террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру» баптары бойынша айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырған. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтемек. Сот 57 жастағы Марат Төрехановты жеті жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына қамауға үкім еткен. Қалған 10 адам алты жылға бас еркіндігінен айырылған. Сот барлығының дүние-мүліктерін тәркілеуге шешім шығарған.

Сот үкіміне сәйкес, бұл он екі адам «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қатарына қосылып, «Сирия республикасы аумағында болып жатқан қарулы қақтығыстарға қатысуды, яғни террорлық іс-әрекеттерге қатысуды жоспарлағаны» үшін айыпты деп танылған. Таяу Шығыста соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» тобын Қазақстан былтыр қазан айында террорлық ұйымдар тізіміне енгізіп, ел аумағында қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG