Accessibility links

Таиландта жарылыстардан 1 адам қаза тауып, 22 адам жараланды


Пхукеттегі жарылыс болған орын. Таиланд. 11 тамыз 2016 жыл.
Пхукеттегі жарылыс болған орын. Таиланд. 11 тамыз 2016 жыл.

Таиландтың шипажайы бар Хуахин қаласында екі жарылыстан бір адам қаза тауып, 22 адам жараланды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, төрт адамның халі ауыр. Жараланғандар қатарында штелдік бірнеше турист бар. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, екі бомба жарылған.

12 тамызға қараған түні Пхукетте жарылғыш құрылғы іске қосылып, бір адам қаза тауып, алты адам жараланған.

Бір апта бұрын Таиланд сайлаушылары ресми мәлімет бойынша елдің әскери билігі қабылдаған конституцияны қолдап дауыс берген.

XS
SM
MD
LG