Accessibility links

Астанада үлескерлерді әкімдікке ақыры кіргізді


Астана әкімдігі алдында тұрған "Бақыт Х1" компаниясының үлескерлері. 12 тамыз 2016 жыл.
Астана әкімдігі алдында тұрған "Бақыт Х1" компаниясының үлескерлері. 12 тамыз 2016 жыл.

Астанада бүгін таңертеңгі сағат 8-де "Бақыт Х1" компаниясының 15 үлескері қала әкімдігінің алдына жиналып, өздерін қала басшылығынан қандай да бір адамның қабылдауын күтті. Кеше оларды құрылысқа үлескерлікпен қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатыстырудан бас тартқан.

Үлескер Гүлнара Шолақованың Азаттыққа айтуынша, олардың мәселесін қарау "Бақыт Х1" компаниясының директоры басқа жаққа кетіп қалғандықтан келесі аптаға қалдырылған.

Үлескерлер Азаттыққа қала әкімдігінің өздерінің мәселесін қарауды кейінге ысыра беретінімен келіспейтінін айтты. Жиналғандардың сөзінше, олар пәтерлеріне кіруді 2012 жылдан бері күтіп жүр. "Жастар-4" деп аталатын тұрғын үй кешенінің кейбір блоктарында 2012 жылдан бері тіпті үйдің іргетасы да құйылмаған.

Қала әкімдігі алдында бір сағаттай тұрған үлескерлер әкімдікке кірді. Оларды әкімдікке басқа есіктен кіруге шақырды. Ол жерде әкімдік өкілі комиссияда басқа да құрылыс нысандарынан үлескерлер көп екенін, ал залға тек 60 адам сыятынын айтып, комиссияға бес адам ғана кіргізілетінін жеткізді.

Бұған дейін "Бақыт Х1" компаниясының үлескерлері салынып бітпеген "Жастар-4" тұрғын үй кешеніне жиналып, компания басшылығынан өздерінің не себепті бірнеше жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүргенін түсіндіруді талап еткен.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG