Accessibility links

Трамп Обама мен Клинтонды ИМ-нің "негізін қалаушы" деп атады


Дональд Трамп Флоридада жақтастарының алдында сөйлеп тұр.
Дональд Трамп Флоридада жақтастарының алдында сөйлеп тұр.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан үміткер Дональд Трамп президент Барак Обама мен демократ үміткер Хиллари Клинтонды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының негізін қалаушылары деп атады. "Олар (ИМ) президент Обаманы сыйлайды. Ол ИМ-нің негізін қалаушы, - деп мәлімдеді Трамп Флоридада жақтастарының алдында.

Трамп демократ қарсыласы Хиллари Клинтонды да ИМ-нің «негізін қалаушылардың бірі» деп атады.

Трамп Обама мен Клинтонды ИМ-ның «ең маңызды ойыншылары» деді.

Клинтонның баспасөз хатшысы Трамты АҚШ-тың «қоқыс ауызы» деп атап, оның мәлімдемесін Ресей президенті Владимир Путин «тұжырымдарының жаңғырығы» деді.

Ақ үй бұған дейін «8 қарашадағы сайлауда Клинтон жеңсе елдегі қаруы бар азаматтар қатаң әрекет етсе болады" деген Трамптың Обамаға қатысты мәлімдемесіне байланысты жауап бермей отыр.

XS
SM
MD
LG