Accessibility links

Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Олимпиададағы 22-алтынын ұтты


Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Рио Олимпиадасында. 11 тамыз 2016 жыл.

Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Рио Олимпиадасында. 11 тамыз 2016 жыл.

Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Олимпиада ойындарында өзінің жекелей сындағы 13-ші, жалпы жарыстағы 22-алтын медалін жеңіп алды. Фелпс Риодағы 200 метр қашықтыққа жүзу жарысында бірінші келді.

Осымен жалпы 26 медалі бар Фелпс Олимпиада тарихында жеңісі ең көп спортшыға айналдырды.

Бұл додада күміс жүлдені 36 жастағы жапон спортшысы Косуке Хагино, қола медальды қытайлық Уан Шун ұтты.

Бұл жарыста Фелпс АҚШ командасындағы өзінің біраздан бергі бәсекелесі Райан Лохтеден озды. Райан Лохтенің жалпы 12, оның ішінде 6 алтын медалі бар.

Майкл Фелпс сонымен бір ғана жүзу түрінен төрт рет Олимпиадада жеңген үшінші спортшы болып отыр. Мұндай жетістікке бұған дейін диск лақтырудан Эл Ортер және ұзындыққа секіруші Карл Люис жеткен болатын.

XS
SM
MD
LG