Accessibility links

СІМ: Таиландтағы жарылыстарда қазақстандықтар зардап шеккен жоқ


Таиланд полициясы (Көрнекі сурет).

Таиланд полициясы (Көрнекі сурет).

Таиландтың курортты қалаларында болған жарылыстардан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Таиландтың Оңтүстік провинциясында, Пхукетте жарылыстар болды. Бірақ негізгі екі жарылыс Хуахин қаласында болды. Ол жерде қаза тапқандар мен жараланғандар көп. Жарылыс болған жерлердің бір де бірінде құрбандар мен жаралылар арасында қазақстандықтар жоқ" деген министрлік ҚазАқпарат агенттігіне.

Таиланд полициясының мәліметінше, 12 тамызда курортты Транг және Суранг Тани қалаларында болған екі жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тауып, 20-ға тарта адам жараланған. 11 тамызда жағажайда орналасқан курортты Хуахин қаласында да жарылыс болған. Ол жарылыстан бір адам қаза тауып, 22 адам жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі - шетелдік туристер.

XS
SM
MD
LG