Accessibility links

Түркия Өзбекстанның ондаған азаматын депортацияламақ


Стамбулдағы түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, Түркия (Көрнекі сурет).

Стамбулдағы түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, Түркия (Көрнекі сурет).

Стамбулда соңғы бірнеше күнде Орталық Азия елдерінен шыққан 140-қа тарта адам ұсталды деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы.

Өзбек редакциясының мәліметінше, ұсталғандардың көпшілігі - Өзбекстан азаматтары. Олардың жүз шақтысына қазір Түркиядан депортациялану қаупі төніп тұр.

Қазір Түркияда тұратын өзбек оппозициялық "Эрк" партиясының жетекшісі Мұхаммед Салих Стамбулдың депортациялық орталығында 60 адам ұсталып отырғанын айтады. Оның сөзінше, ұсталғандар арасында Тәжікстанның алты азаматы, Қырғызстанның алты азаматы, тоғыз ресейлік пен бір қазақстандық бар. Салих араларында балалар мен аяғы ауыр әйелдері бар 60 адам қазір абақтыда отырғанын айтады.

29 шілдеде Түркияның қауіпсіздік күштері Стамбулда басталған рейдтің алғашқы кезеңінде Өзбекстанның 29 азаматын ұстаған. Кейін тағы 100 шақты өзбек мигранты ұсталған.

Стамбулдағы өзбек мигранттарына қатысты жағдайларды зерттейтін Өзбекстан халықтық қозғалысының мәліметінше, ұсталғандардың 80 пайызы босатылған, олардың 40-ына бір ай ішінде Түркия аумағынан кетуге бұйырған.

Өзбек редакциясының Стамбулдағы дереккөзінің айтуынша, 11 тамызда қалада тағы бірнеше өзбек мигранты ұсталған.

XS
SM
MD
LG