Accessibility links

Түркиялық 32 дипломат шетелде қалуды ұйғарған


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң үкімет елге қайтуға бұйрық берген шеттегі 208 түрік дипломатының 32-сі Отанына қайтпай шетелде қалып қойған. Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу хабарлаған. Анкара биліктен қашып жүрген ол адамдарды Түркияға экстрадициялауды талап ететін болады деп мәлімдеді Чавушоглу жұма күні Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге қазіргі кезде түркиялық 162 әскери, соның ішінде 3 әскери атташе де қашып жүр деп мәлімдеген жұма күні Түркия қорғаныс министрі Фикри Ишык Haberturk телеарнасына берген сұхбатында.

Түркияда шілденің 15-і күні мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң түрік армиясы қатарында тазарту жүргізілген. Елде 18 мыңға жуық адам ұсталып, кейбірі тұтқындалған. Ондаған мың адам мемлекеттік қызметтен қуылған.

XS
SM
MD
LG