Accessibility links

Ресей Қырымға S-400 әуе қорғанысы жүйесін орналастырды


Сириядағы Хмеймим әскери базасында тұрған ресейлік S-400 әуе қорғанысы жүйесі. (Көрнекі сурет.)
Сириядағы Хмеймим әскери базасында тұрған ресейлік S-400 әуе қорғанысы жүйесі. (Көрнекі сурет.)

Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегіне S-400 әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнатқан. Бұл туралы Ресейдің оңтүстік әскери округі басшылығына сілтеме жасап ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

Өткен айда Мәскеу Қырым түбегіне жаңа үлгідегі әскери қару жүйесін орналастыру ниеті барын мәлімдеген.

Әуедегі үш жүз нысананы бақылауға алып, олардың 30-ын бір мезетте атып түсіруге арналған S-400 әскери жүйесінің зымырандары бірнеше жүз километр радиустегі нысанаға жете алады.

XS
SM
MD
LG