Accessibility links

Байден Порошенконы жанжалдың ушығуына жол бермеуге шақырды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Киевті Ресеймен қатынасының ушығуына жол бермеуге шақырған. Байден мен Порошенко өзара әңгімеде Ақ үй Ресей «халықаралық құқық нормаларын бұзып» аннексиялап алған деп санайтын Қырым түбегіндегі күрделі жағдайды талқылаған. Екі елдің лидерлері Украинаның егемендігі мен территориясының біртұтастығын қалпына келтіру мәселесі саяси және дипломатиялық әдістер арқылы шешімін табуы тиіс деген ұстанымдарын білдірген.

Сонымен бірге Байден Украинаға «жолдың өзіне қатысты бөлігімен қадам жасау» қажеттігін айтып, дәл осындай өтінішті Ресей тарапына да білдіргенін жеткізген. Бұл туралы Ақ үйдің мәлімдемесінде айтылған.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Киевті «жанжалға арандатып, террорға ыңғай танытып отыр» деп айыптап, Донбастағы жанжалды реттеу жөніндегі Германия, Франция, Украина және Ресейдің қатысуымен «норман төрттігі» келіссөзінің мән-мағынасы қалған жоқ деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG