Accessibility links

Хиллари Клинтон өзінің салық декларациясын жариялады


АҚШ президенттігіне демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон 2015 жылғы салық декларациясын жариялады. Құжатқа сәйкес, Хиллари Клинтон мен оның жұбайы, АҚШ экс-президенті Билл Клинтон 2015 жылы 10,6 миллион доллар табыс тауып, оның 34,2 пайызын федералдық салық есебінде төлеген.

Ерлі-зайыптылардың табысының неігзгі бөлігін Билл Клинтонның әртүрлі шарада сөз сөйлегені үшін алған гонорары мен Хиллари Клинтонның баспадан жарық көрген кітабынан түскен қаржы құраған.

Хиллари Клинтонның сайлауға бірге түсіп жатқан серігі, АҚШ вице-президенттігіне кандидат Тим Кейн мен оның әйелі Энн Холтон да өз салық декаларцияларын жариялаған.

Клинтонның сайлау штабының өкілі республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трампты қаржыларының ашықтығын жариялаған Хиллари Клинтон мен Тим Кэйннен үлгі алуға шақырған. Миллиардер Дональд Трамп өзінің соңғы бірнеше жылда төлеген салықтарының есебіне қазір аудит жүріп жатқанын алға тартып, салық декларациясын жариялаудан бас тартқан.

Билл және Хиллари Клинтондар 1977 жылдан бастап жыл сайын салық декаларцияларын жариялап келеді.

XS
SM
MD
LG