Accessibility links

Пуэрто-Рикода Зика вирусына байланысты төтенше жағдай енгізілді


Зика вирусы маса арқылы тарайды, бірақ адамдарға жыныстық қатынас арқылы да жұққаны анықталған.

Зика вирусы маса арқылы тарайды, бірақ адамдарға жыныстық қатынас арқылы да жұққаны анықталған.

АҚШ үкіметі Зика вирусының өршуіне байланысты Пуэрто-Рико территориясында төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды америкалық денсаулық сақтау министрлігі.

Аралда вирус жұққан 10 мыңнан аса адамның арасында жүкті әйелдер көп. Дерттің белгілері байқалмайтындықтан іс жүзінде науқастардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы ықтимал. Дәрігерлер жыл соңына дейін аралдағы халықтың ширек бөлігіне Зика вирусы жұғуы мүмкін деп қауіптенеді.

Зика вирусы жұққан адам басы, буыны ауырып, денесі бөртіп, бойы дел-сал болып, өзін жайсыз сезінеді. Бұл дерттің ең ауыр салдары сол – ана құрсағынан нәресте басы мен ми көлемінің кішірейіп (микроцефалия) туады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерттің таралуын халықаралық көлемдегі төтенше медициналық жағдай деп атаған. Қазіргі кезде АҚШ-та Зика вирусын жұқтырған бір жарым мыңнан аса оқиға тіркелген. Ресейде бұл вирус алты адамнан табылған.

Пуэрто-Рико – АҚШ басқаруындағы тәуелсіз дербес территория саналады.

XS
SM
MD
LG