Accessibility links

Сирияда оппозиция күштері Манбидж қаласынан ИМ тобын ығыстырған


Сириядағы қарулы оппозиция жасағы Манбидж көшесінде. 7 тамыз 2016 жыл.
Сириядағы қарулы оппозиция жасағы Манбидж көшесінде. 7 тамыз 2016 жыл.

Сирияда қарулы оппозиция топтары жұма күні кешкісін бұған дейін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қолында болған Манбидж қаласын толықтай өз бақылауына алған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Коалиция өкілі Шарфан Дервиштің мәлімдеуінше, қалада экстремистер кепілде ұстаған екі мыңға жуық тұрғын азат етліген. Манбидждің төңірегінде соғыс аймағынан қашқан жергілікті тұрғындарға арнап лагерьлер тұрғызылған. Қаланы минадан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Операцияға күрд және араб жасақтары қатысқан. Оларға АҚШ бастаған коалиция күштері әуеден қолдау көрсеткен.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Манбидж қаласын 2014 жалдан бері бақылауында ұстап келген. Қаладан айырылған соң олар Түркиямен шекарадағы, бұдан үш жыл бұрын исламшыл содырлар басып алған Джераблус қаласына беттеген.

XS
SM
MD
LG