Accessibility links

Нью-Йоркте мешіт имамы мен көмекшісін атып кетті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жергілікті мешіт имамы мен оның көмекшісін атып өлтіріп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қылмыстық оқиға Куинс ауданындағы мешіт жанында көшеде болған. Имам мен көмекшісіне белгісіз ер адам қарудан атқан.

Басынан оқ тиген имам сол жерде қаза тауып, ауыр жараланған көмекшісі арада бірнеше сағат өткен ауруханада жап тапсырған.

Мешіт жанына жиналған жергілікті мұсылмандар әділ тергеу жүргізіп, қылмыскерді тауып, жауапқа тартуды талап еткен.

Нью-Йорк полициясы әзірше қылмыстың себебі белгісіз екенін айтады.

XS
SM
MD
LG