Accessibility links

Қырымда «диверсия ұйымдастырмақ болған» адам барлауға қатысы жоғын айтты


ФСБ қызметкерлері Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде "диверсия" ұйымдастырмақ болған деген айыппен ұсталған Евгений Пановты (оң жақта) әкеле жатыр.

ФСБ қызметкерлері Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде "диверсия" ұйымдастырмақ болған деген айыппен ұсталған Евгений Пановты (оң жақта) әкеле жатыр.

Ресей қауіпсіздік қызметі «Қырымда диверсия ұйымдастырмақ болған» деп айыптаған Украина азаматы Владимир Сердюк өзіне тағылған «террорлық іс-әрекетке дайындық» туралы айыптарды жоққа шығарды. Ол украиналық арнайы қызметке өзінің еш қатысы жоғын мәлімдеген деп хабарлайды Громадське телеарнасы.

Сердюктың сөзінше, ресейлік баспасөз құралдарындағы ол туралы хабарлардың арасындағы шындыққа сай жалғыз жайт – Украина қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының 37-батальонында қызмет атқарғаны ғана. Сердюк батальонда офицер-психолог болып қызмет атқарғанын, барлауда жұмыс істеуге біліктілігі жоғын айтқан. Және ол Қырымда «диверсия жасамақ болған» деп ресейлік қауіпсіздік орындары айыптап отырған тағы бір адам – Евгений Пановпен өзінің таныс екендігін айтқан. Сердюк өзіне қарсы куәлік беру үшін Пановқа қысым жасалған деген пікірде.

Бұған дейін, 10 тамызда Ресей билігі Армянск қаласында тамыздың 7-іне қараған түні Қырым түбегінде «теракт ұйымдастырмақ» болған украиналық «диверсанттардың залалсыздандырылғаны» туралы хабарлаған. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі 11 тамызда Украина азаматы Евгений Пановтың куәлік бергені туралы видео жариялады. Онда Панов Украина қорғаныс министрлігі ұйымдастырған арнайы операцияны іске асыру үшін түбекке құрамында украиналық барлаушы офицерлер енген арнайы топ келгені туралы айтады. Панов украиналық бас барлау басқармасының 37-батальоны мен ұйымдастырушылардың аты-жөнін атайды.

Киев терроризмге қатысы туралы Мәскеудің таққан айыбын жоққа шығарды. АҚШ пен Еуропа Одағы өкілдері украиналық биліктің Қырымда «диверсия» жасамақ болғаны туралы Ресейдің мәлімдемесіне ешқандай айғақ-дәлел таба алмағаны жайлы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG