Accessibility links

Боксшы Дариға Шәкімова олимпиаданың ширек финалына шықты


Дариға Шәкімованың (қызыл формада) жеңіске жеткен сәті. 14 тамыз 2016 жыл.
Дариға Шәкімованың (қызыл формада) жеңіске жеткен сәті. 14 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында әйелдер боксынан 75 килограмда қазақстандық Дариға Шәкімова бірінші айналымда екі дүркін әлем чемпионы канадалық Ариан Фортинді жеңді. Үш төрешінің екеуі жеңісті Шәкімоваға берді.

Шәкімова енді ширек финалда марокколық Хадижа Әл-Мардимен кездеседі.

Әйелдер боксынан қатысып жатқан тағы бір қазақстандық Жайна Шекербекова жарысты бірден ширек финалдан бастайды. Ол француз боксшысы Сара Оурахман 18 тамызда рингте кездеседі.

XS
SM
MD
LG