Accessibility links

Балуан Алмат Кебіспаев олимпиада қоласына таласады


Қазақстандық Алмат Кебіспаевтың (көк түсті формада) жапониялық Шинобу Отамен белдесуі. Рио, 14 тамыз 2016 жыл.
Қазақстандық Алмат Кебіспаевтың (көк түсті формада) жапониялық Шинобу Отамен белдесуі. Рио, 14 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында грек-рим күресінен 59 килограмда белдескен қазақстандық Алмат Кебіспаев бірінші кезеңде ресейлік Ибрагим Лабазановтан басым түскен. Бірақ екінші кезеңде жапониялық Шинобу Отадан 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жапон балуаны финалға өтті, ал Кебіспаев енді 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы атанған Иран балуаны Хамид Соуранимен кездеседі. Егер Кебіспаев оны жеңсе қола жүлдеге қол жеткізу үшін тағы екі кездесу өткізеді.

Ал 75 килограмда белдескен Досжан Картиков алғашқы кездесуде грузиялық Зураб Датунашвилиді жеңгенімен, екінші айналымда Әзербайжан балуаны Елвин Мурсалиевке есе жіберді.

Жарыстың жүлдеге таласатын финалдық сессиясы Астана уақыты бойынша түнгі 01:00-де басталады.

XS
SM
MD
LG