Accessibility links

Пәкістан Ауғанстанда кепілде болған ұшқышты ресейліктерге тапсырды


Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Пәкістан билігі Исламабадта ресейлік дипломаттарға бұған дейін Ауғанстанда «Талибан» адамдарының қолына түсіп, кейін босатылған ресейлік ұшқыш Сергей Севастьяновты тапсырды деп хабарлайды «Россия-24» телеарнасы. Ресей азаматының денсаулық жағдайы «бірқалыпты» деп бағаланған. Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Севастьяновты жақын арада реселіктерге тапсырады деп хабарлаған.

Өзбекстан арқылы Ресейге техникалық жөндеу қызметінен өтуге ұшып бара жатқан Пәкістан үкіметіне тиесілі Ми-17 тікұшағы тамыздың 4-і күні Ауғанстанның шығысындағы Логар уәлаятында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған кезде тікұшақтағы өзге адамдармен бірге ұшқыш Сергей Севастьяновты «Талибан» күштері ұстап, кепілге алған. Кейін олардың барлығын босатқан.

XS
SM
MD
LG