Accessibility links

Рыпакова - Рио олимпиадасының қола жүлдегері


Ольга Рыпакова қола жүлде иеленген сәт. Рио-де-Жанейро. 14 тамыз 2016 жыл.

Ольга Рыпакова қола жүлде иеленген сәт. Рио-де-Жанейро. 14 тамыз 2016 жыл.

Үш қарғып секіруден қазақстандық Ольга Рыпакова Рио олимпиадасында қола медаль алды. Ол 14,74 метрге секірді. Алтынды колумбиялық Катерин Ибаргуэн (15,17), күмісті венесуэлалық Юлимар Рохас (14,98) иеленді.

2012 жылғы Лондондағы олимпиадада Рыпакова алтын, Ибаргуэн күміс алған.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Рио олимпиадасында екі алтын, екі күміс, төрт қола медаль иеленді. Бұған дейін ауыр атлетикадан Нижат Рахимов пен жүзуден Дмитрий Баландин алтын алған. Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика) мен Елдос Сметов (дзюдо) күміс медаль еншілеген. Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика) қола медаль иеленген. Қазақстан 14 тамыздағы командалық есепте 16-орында тұр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG