Accessibility links

Боксшы Ниязымбетов олимпиаданың жартылай финалына шықты


Әділбек Ниязыметов (көк формада) Рио олимпиадасында.

Әділбек Ниязыметов (көк формада) Рио олимпиадасында.

Қазақстан боксшысы Әділбек Ниязымбетов 81 килограмда Рио олимпиадасының финалына шықты. Ол жартылай финалда әзербайжандық Тимур Маммадовтан басым түсті. Үш төреші де жеңісті Ниязымбетовке берді. Енді ол жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен кездеседі.

Ал 52 килограмда бокстасқан Қайрат Ералиев ширек финалда өзбекстандық Мироджан Ахмадалиевтен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Осыған дейін 91 килограмда Василий Левит финалға шыққан. 15 тамызда өтетін финалда Левит ресейлік Евгений Тищенкомен кездеседі.

Әділбек Ниязымбетов 2012 жылы Лондондағы олимпиаданың финалына шығып, жеңіліп қалған.

XS
SM
MD
LG