Accessibility links

Ресейлік Власов грек-рим күресінен екінші рет Олимпиада чемпионы болды


Ресейлік грек-рим күресі балуаны Роман Власов 2012 жылы Лондон олимпиадасының алтынын ұтып алған сәтте.
Ресейлік грек-рим күресі балуаны Роман Власов 2012 жылы Лондон олимпиадасының алтынын ұтып алған сәтте.

Рио Олимпиадасында Ресейлік грек-рим күресінен 75 килограмм салмақта сынға түскен Роман Власов финалда даниялық Марк Мадсенді жеңіп, алтын медаль ұтып алды. Есеп - 5:1. Власов осымен екінші рет Олимпиада чемпионы атанып отыр.

Власов Мадсаннен әлемдік деңгейдегі жарыстың ақтық сынында осымен екінші рет басым түсіп отыр. Мадсен әлемдік жарыстардың финалында осымен бесінші рет жеңілді. Дегенмен, ол Данияның грек-рим күресінен Олимпиадада 1948 жылдан бергі алғашқы медаль алған спортшысы атанды.

XS
SM
MD
LG