Accessibility links

Усейн Болт үшінші рет Олимпиада чемпионы атанды


Ямайка жеңіл атлеті Усейн Болт.
Ямайка жеңіл атлеті Усейн Болт.

Ямайкалық жеңіл атлет Усейн Болт Рио Олимпиадасында 100 метр қашықтыққа жүгіруде алтын медальді жеңіп алды. Бұл қашықтықтағы жарыста ол осымен үшінші рет Олимпиада чемпионы атанды. Финалдық жарыста Болт 100 метр қашықтықты 9,81 секундта жүгіріп өтті.

Күмісті 9,89 секундпен америкалық Джастин Гатлин, қоланы 9,91 секундпен канадалық Андре де Грасс иеленді.

Усейн Болт 2008 жылғы Пекин және 2012 жылғы Лондон олимпиадаларында 100 метр, 200 метр қашықтықтарға және 400 метрге эстафеталық жүгіруден чемпион атанып, 6 алтын жеңіп алған.

Риода 100 метр қашықтықта жеңіске жеткен соң Болт өзінің алда 200 метрге және 400 метрлік эфтафетада алтын алудан ниетті екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG