Accessibility links

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Луизиана штатының губернаторы Джон Бел Эдвардстың айтуынша, штатты су басу салдарынан 20 мыңнан астам эвакуацияланды. Қазір 10 мыңнан астам адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр. Эдвардс14 тамызда су басудан бассауғалағандар штатттың орталығы Батон Руж қаласын паналайтынын мәлімдеді.

Губернатордың айтуынша, АҚШ президенті Барак Обама өзіне "үкімет оңтүстік Луизианадағы су басу салдарын жоюға серіктес болады» деп қолдау білдірген.

Федералды үкімет төрт жерде судың жайылып, апатқа ұласқанын айтқан болатын.

Өткен апта басындағы толассыз жауын салдарынан туындаған су тасқынынан соң штат территориясының жартысына жуығы лайсаңданып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG