Accessibility links

Ломбардтағы кепілге алуға қатысты іс қозғалды


Полиция қызметкерлері белгісіз адам екі әйелді кепілде ұстаған ломбардтың алдында тұр. Астана, 14 тамыз 2016 жыл.

Полиция қызметкерлері белгісіз адам екі әйелді кепілде ұстаған ломбардтың алдында тұр. Астана, 14 тамыз 2016 жыл.

Астана қаласы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қаладағы ломбардты тонау әрекеті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы ("тонау") және 261-бабы ("кепілдікке алу") бойынша іс қозғалған. Қазір жексенбі күні ұсталған Астана қаласының 42-жасар тұрғыны ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Астанада 14 тамызда таңертең белгісіз азамат Кенесары мен Янушкевич көшелерінің қиылысында орналасқан «М-Ломбард» ғимаратына кіріп, қару кезеніп зергерлік бұйымдарды тонап әкетпек болған. Күдікті 33 және 39 жасар ломбардтың екі қызметкерін ұстап, кірер есікті іштен жауып алған.
Полиция жүргізген келісіссөз нәтижесінде ломбардтың бір қызметкері босатылып, полиция екінші қызметкерді сыртқы есікті бұзып кіріп шығарып алған.

Кейін полиция қызметкерлері ломбардтан күдіктінің өзін алып шығып, көлікке салып алып кеткен.

XS
SM
MD
LG