Accessibility links

CAS Ресей жеңіл атлетін Рио Олимпиадасына жіберді


Ресейлік жеңіл атлет Дарья Клишина.

Ресейлік жеңіл атлет Дарья Клишина.

Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік жеңіл атлет Дарья Клишинаның Рио Олимпиадасы ойындарына қатысуына салынған тыйымға апелляциялық шағымын қанағаттандырды. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) 13 тамызда ұзындыққа секіруші Клишинаны жарысқа қатысудан уақытша шеттеткен. Клишина - Ресейдің жеңіл атлетика құрамасындағы Рио Олимпиадасына жіберілген жалғыз спортшы.

CAS шешімді Клишина қатысады деп күтілген ұзындыққа секіру жарысы басталуына үш күн қалғанда шығарып отыр. Клишина өзінің "таза спортшы" екенін және IAAF шешімінің "құрбаны болғанын" кезекті рет дәлелдей алғанын мәлімдеді.

IAAF Клишинаны жарыстан шеттетудің себебін түсіндірмеді. Клишинаның өзінің айтуынша, бұл - Ресейдегі допинг дауымен байланысты.

XS
SM
MD
LG