Accessibility links

Шымкентте жанғыш заты бар вагон өртенді


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шымкентте теміржол станциясында жанғыш заты бар вагон аударылып, өртеніп кетті деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Өрт орнына жақын орналасқан үйлерден жүзден астам адам эвакуацияланған.

Өрт бүгін Шымкенттің Қорғасын станциясында болған. Бейнеу-Ассы бағытындағы жүк пойызы өқұрамындағы сыйымдылығы 60 тонна болатын, жанғыш заты бар вагон аударылып, өртенген. Иманқұловтың сөзінше, өрттен ешкім зардап шекпеген. Пойыздың өзге вагондарында өрт шыққаны туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG