Accessibility links

Назарбаев Сочиде Путинмен кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 тамызда Сочиде Ресей президенті Владимир Путимен кездеседі деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің бірқатар сала бойынша ынтымақтастығы және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланбақ.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет Владимир Путинмен 17 маусымда Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форум аясында кездескен.

XS
SM
MD
LG